Аргентина Копа Америка кубогының чемпионы атанды

  • 11 июл, 18:04
  • Көрілім: 59

Аргентина Копа Америка кубогының чемпионы атанды. Рио-де-Жанейродағы атақты Маракана стадионында жарыс қожайындары Бразилиямен кездескен Месси әріптестері 1:0 есебімен жеңіске жетті.  

Месси ұлттық құрама сапында тұңғыш рет құрлық біріншілігінде топ жарды. Бұған дейін ол үш мәрте финалда ұтылып, бір рет қола жүлдегер атанған еді. 

Месси жастар арасында әлем чемпионаты мен 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында да алтын алғанын айта кетейік.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру