Жалпы, 6 қаңтардан 1 наурызға дейін Қытаймен мемлекеттік шекара арқылы өтетін өткізу пункттерінде 32 456 адам тексеруден өтті.
20 ақпан мен 4 наурыз аралығында Қытай Халық Республикасынан келген 315 адамға карантин жарияланды. Оның ішінде: 64 Қазақстан азаматы, 251 шетелдік азамат (248 Қытай азаматы). Бұл туралы брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип мәлімдеді.
Ираннан барлығы 24 адам келді: Қазақстан азаматтары - 9, шетел азаматтары - 15 (барлығы Иран азаматтары).
Айта кету керек, елге ресми және үкіметтік делегация құрамында келген адамдар, дипломатиялық паспорттардың иелері, авиакомпания ұшқыштары мен экипаж мүшелері, локомотив бригадалары, теміржол көлігімен байланысты адамдар және халықаралық автомобиль жүргізушілері тұрақты карантинге орналастырылмайды.