Өскемендіктер бүгін таңғы сағат тоғыз шамасында Буров көшесіндегі емханаға қарама-қарсы орналасқан үй маңындағы үш өрт сөндіру көлігін байқады. Дегенмен, үй маңынан түтін байқалмайды. Алаңдаған тұрғындардың аптығын ақжағалылардың мәлімдемесі басты.
Өскемен қалалық полиция департаменті үй ауласында күдікті сөмке табылғанын, қазіргі уақытта саперлар құрамы жұмыс жасап жатқанын жеткізді.
Күдікті сөмке туралы ақпараттың анық-қанығын Полиция департаментінің қызметкерлері кейінірек хабарлауға уәде еткен.