Қала халқы 10 млн 893,8 мың адамды (58,5%), ауыл халқы - 7 млн 738,4 мың адамды (41,5%) құрайды.
Қазақстан халқы 2020 жылдың 1 қаңтарында 18 миллион 632,2 мың адамды құрады.
2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3% өсті.
Осы кезеңде ең көп өсу республиканың үш аймағында байқалды: Алматы (62,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (57,6 мың адам) және Түркістан (36,4 мың адам).