Мемлекеттік қызметтен өмірбақиға шеттетілді.
Су ресурстары комитеті «Арал-Сырдария бассейндік су ресурстарын пайдалану және қорғауды реттеу инспекциясы» бас маманы алаяқтық үшін сотталды.
Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің «Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» бұрынғы бас маманы Алпысбаева У-ға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.
Бұл қызмет ақысыз болса, жайылымдарды суару үшін құдық бұрғылауға құқық беретін оң рұқсат құжатын беруге жәрдемдесем деген сылтаумен ЖШС өкілінің 1 миллион 275 мың теңге қаражатын алаяқтық жолмен алды деген күдікке ілінген.
11 ақпанда Әл-фараби аудандық сотының үкімімен Алпысбаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды, өмір бойына мемлекттік қызмет атқару құқығынан айырылды.