Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминнің елдің 2020 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен инвестиция тарту бойынша қабылданған шаралар туралы есебін тыңдады.
Премьер-министр Мемлекет басшысының 2019 жылдың қорытындысы бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.
Сондай-ақ мемлекет басшысына Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиғалардың салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның жұмысы туралы да ақпарат берілді.