2019 жылдың қорытындысы бойынша алтын-валюта қорларындағы алтын портфелі 387 тоннаны немесе шамамен 19 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық банк өзінің телеграмм-каналында мәлімдеді.
Дүниежүзілік Алтын Кеңесінің алдын-ала мәліметтері бойынша, Қазақстан көрсеткіш бойынша әлемдегі алғашқы 20 елдің қатарына кіреді. Алтынды сатып алудың басым құқығын одан әрі іске асыру алтын өндіруші өнеркәсіптің дамуына серпін беріп, Қазақстанның әлемдік рейтингтегі орнын жақсартуға мүмкіндік береді, делінген хабарламада.