Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен Жанметова Жанат Зәрубекқызы Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Ж.Жақметова 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген және Байконурова атындағы Жезқазған университеті мен Абердин университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның сынақ зертханасында жетекші маман ретінде бастады. Осы жылдар ішінде ол ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жауапты орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.
2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2016 жылдың маусымынан 2017 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2017 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
Оған дейін бұл лауазымды Сұңғат Есімханов атқарған.