Мәдиев Сағат Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің келісімі бойынша полиция полковнигі Мәдиев Сағат Кентайұлы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, делінген хабарламада.
Полиция департаментінің жаңа басшысын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеке құраммен таныстырды.
Сағат Мадиев 1969 жылы туған. 1990 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Ақмола, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының полиция бөлімдерінде басшылық қызметтерде үлкен тәжірибеге ие. 2017 жылдың наурыз айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.