Жаңаөзендіктер президент Тоқаевтан 2011 жылы көпшілікке оқ атуға бұйрық берген адамның анықталуын сұрады.
Жаңаөзен тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан 2011 жылғы оқиғаларды қайта тергеуді талап етуде, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Президенттің атына жазылған хатта тұрғындар 2011 жылдың желтоқсанында мұнайшылардың бейбіт ереуілін қарумен басуға бұйрық берген адамды анықтауды талап етуде.
Олардың пайымдауынша, Жаңаөзендегі оқиғалардың орын алу себебі полицияның қарусыз адамдарға оқ атуы.
«Халыққа қарсы атыс қаруын қолдану тек тапсырыс бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, кім бұған бұйрық берді?» - деп жазылған хаттың мәтінінде.
Сондай-ақ Жаңаөзендіктер 2011-жылғы оқиғалар кезінде қаза тапқан немесе жарақаттанғандардың отбасыларына ерекше мәртебе беруді сұрады.
Қазақ тілінде жазылған үндеуге 100-ден астам адамның қолы қойылған. Бұл хатқа қол қойғандар марқұмдардың, жараланғандардың, мүгедектердің және Жаңаөзен оқиғасынан кейін сотталғандардың отбасы мүшелері. Олар Тоқаевқа хат жазуды жөн көрдік дейді, өйткені бірінші президент Назарбаевқа жазған өтініштері сәтсіз болған.
Хатты жеткізу үшін Мұратбай Жұмағалиев пен Нұрлыбек Нұрғалиев Нұр-Сұлтанға арнайылып келген. Нұрғалиевтің өзі Жаңаөзен оқиғалары кезінде жараланған. Олар хатты президент әкімшілігіне тапсырды. Кеңсеге Жаңаөзендіктердің үндеуі қабылданды..
2011 жылы бірнеше ай бойы Жаңаөзен мұнайшылары қалалық әкімдіктің алдында ереуілге шыққан . Сол жылдың 16 желтоқсанында полиция ереуілді басу үшін оқ жаудырып 17 адамды өлтірген болатын. Ереуілден кейін 37 адам «тәртіпсіздік ұйымдастырды» деп айыпталды. Үш адам ақталды, 13 адам үш жылдан жеті жылға дейін сотталды, 21 адамға шартты түрде үкім шығарылды. Бес полиция қызметкері де қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін бес жылдан жеті жылға дейін қамауға алынған.
Қасымов Жаңаөзен оқиғалары кезінде де министр қызыметінде болған. Сол жылдары қазақстандықтар Ішкі істер министрлігін қатал сынға алып, министр отставкаға кетуін талап еткен. Министр ешкімге бейбіт демонстранттарды атуға бұйрық бермегенін айттып, полицияның мылтықтарды өздері алғанын, өйткені Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Гонг жоспарын енгізгенін баяндаған болатын.