Бұған дейін президент осындай бастама көтерген болатын. Ол тұрғын үй жинақ ақшасын пайдалануды ұсынды. Енді 30 жастағы ер адам белгілі бір соманы алу үшін кемінде оның қорында 6,7 миллион теңге жиналуы керек. Осы сомадан жоғары кез-келген қаражатты шешіп алуға болады.
Сәйкесінше әйелдердерде 9 жарым миллионнан астам қаражат қоры болуы тиіс. Бұл қарапайым түсіндіріледі: әйелдер ұзақ өмір сүреді. Ең қызығы, Еңбек министрлігі осы жағдайларды ескере отырып, мұндай бақытты адамдардың аз екенін мойындаған.
Қазір республикада мұндай адамдардың саны 113 мың, бұл есеп өткен жылдың қараша айындағы жағдай бойынша есептелген. Ал пайыздық тұрғыдан алғанда 1,1% құрайды, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Тағы бір ұсыныс - зейнеткерлерге жинақтарды пайдалануға мүмкіндік беру. Қазір Еңбек министрлігі бұл ұсынысқа байланысты жұмыстар жүргізіп жатыр.