Қытайдан келген тағы алты адам ауруханаға жеткізілді, кейіннен екі адам босатылды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Оның айтуынша, медицина қызметкерлері елімізге Қытайдан 6 қаңтардан кейін келген азаматтарды анықтауды жалғастыру үстінде.
«Бүгін біз Қытайдан 6 қаңтардан кейін келген барлық шетелдік азаматтарды анықтадық. Барлық медициналық қызметкерлермен байланыста боламыз және Қытайдан соңғы 14 күнде келген азаматттардан емханаларға баруын және 14 күн бойы үздіксіз медициналық бақылауға тіркелуін сұраймыз , әсіресе дене қызуы бар адамдар », - деді Бекшин.
Біртанов барлық науқастардан қажетті қан анализі алынғанын айтады. «Үш күн ішінде егжей-тегжейлі диагноз қойылады. Тиісті терапия басталды», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.