Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда қанша ресейлік және украиналық азамат жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғаны туралы мәлімет ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда шетелдіктер 198 806 ЖСН рәсімдеген.
«Азаматтардың ең көп саны: Өзбекстан - 91 454, Ресей - 74 371, Тәжікстан - 7896, Қырғызстан - 4470, Украина – 1520», - деді министрлік өкілдері.
Қазақстандағы шетелдіктерге ЖСН әртүрлі мақсаттарға қажет:
• жұмысқа орналасу;
• Қазақстанда есеп айырысу шотын тіркеу;
• мүлікті тіркеу;
• мемлекеттік қызметтерді алу және т.б.
Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 40 831 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімі бойынша, 3 519 шетелдік елден шығарылған. Оларға бес жылға дейін елге кіруге тыйым салынады.