Өткен аптада елімізде 3 397 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде айтты.
«Елдегі криминогендік жағдайға тоқталасақ, бір апта ішінде 3 397 қылмыс жасалды. Оның 1 986-ы тәулік ішінде ашылды», - деді Ш. Тұрлыбек онлайн брифингі кезінде.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері ізін суытпай жеті кісі өлтіру қылмысын, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын, бір қарақшылық, сондай-ақ 34 тонау және 539 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты.