Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы королін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады», - делінген хабарламада.
Президент Тоқаевтың Жидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.