Өткен тәулікте 2480 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналы хабарлады.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 796, Алматы қаласында - 722, Шымкент қаласында – 105, Ақмола облысында – 62, Ақтөбе облысында – 25, Алматы облысында - 90, Жетісу облысында - 109, Атырау облысында - 47, Шығыс Қазақстан облысында - 9, Абай облысында - 31, Жамбыл облысында - 82, Батыс Қазақстан облысында - 31, Қарағанды облысында - 165, Ұлытау облысында - 20, Қостанай облысында - 37, Қызылорда облысында - 40, Маңғыстау облысында - 32, Павлодар облысында - 26, Солтүстік Қазақстан облысында - 25, Түркістан облысында - 26.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 326 190 жетті.
Осы ретте ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Қазір Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта орналасқан. «Қызыл» аймаққа әзірге еш өңір енген жоқ. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.