Бейнеде ер адам субұрқақ бойымен жүріп келе жатқан. Соған қарағанда оқиға саябақта болған сыңайлы. Жәбірленуші қыз болса , жігітке қарама қарсы бағытта еш алаңсыз келе жатқан болатын. Жігіт оның алдын тежеп, ұра бастаған. Қыз қарсылық көрсетуге трысады, шабуылдаушы сөмкені тартып алуға барынша әрекет етеді. Бірақ сөмкені ала алмайтынын білген соң қаша жөнелген. Видео оқыйға Гагарин даңғылында болғаны көрсетілген.
Теміртаулық жәбірленуші қыз полицияға арыз жазды.
«Материал тіркелген, күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде», - деп жауап берді департамент.