Қазақстанда шетелдік қызметкерлерді пайдаланатын 200-ден астам кәсіпорын бар. Мемлекет басшысының айтуынша, жалақы көлеміндегі айырмашылық жойылу керек.
«Қазақстандықтар мен шетелдіктер арасында жалақы айырмашылығы болмауы керек», - деді ол кеңейтілген үкімет отырысында.
Бердібек Сапарбаев елдегі шетелдіктердің қызметі жайлы тоқталып, мемлекет басшысына бірқатар дүниені баяндап берді.
«Қазақстандық жұмысшылар үлесі 90 пайыздан көп. Біз жергілікті атқарушы органдар арқылы 96 орында тексеру жүргіздік. Нәтижесінде құқық бұзушылықтар анықталды. Бас Прокуратурамен біріккен жұмыста 500 шетелдік азаматтың заңнан тыс жұмыс жасап жүргені белгілі болды. Бірақ былтырғы жылмен салыстырғанда шетелдік қызметкерлер саны 40 пайызға азайып, 29 мың адамды құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 100 мың адамға көп болатын. Біз шетелдік жұмыс күшін қолданатын компаниялармен сөйлестік, жұмыс жасадық. Біздің мақсатымыз – жастарды оқыту», - деді премьер-министрдің орынбасары.