Мемлекет басшысы 2019 жылы атқарылған жұмыстарға қысқа шолу жасап, үстіміздегі жылдың басты жоспарларын атады.
«Біз былтыр жақсы жетістіктерге жеттік. Экономикалық өсім 4,5 пайызға өсті. Экономиканың басты салаларында өсім бары байқалады. Осы көрсеткіштің барлығы халықтың тұрмысының жақсаруына әсер етуі тиіс», - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, жауаптылар Тоқаевтың сайлау алдында ұсынған бағдарламасындағы мақсаттарды жүзеге асырып, халықтың ахуалы мен дамуға көңіл бөлуі керек.
«Қазір біз атқарылған жұмыстарға тоқталып, жоспарымызды нақтылаймыз. Басты мақсат – қолымыздан келетін істі жауапты атқару», - деді ол.
Еске сала кетейік, бүгін Үкімет үйінде президенттің бас болуымен Қазақстан Республикасының кеңейтілген үкімет отырысы өтуде.