Қазақстан қорғаныс ведомствосының өкілдері 52 жыл ішінде алғаш рет республикамызда Балқаш әскери аэродромы пайдалануға берілгенін хабарлады.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери аэродромда екі жылдық күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кез-келген жойғыш, бомбалаушылар, әскери көлік ұшақтары, сонымен қатар Boeing және Airbus сияқты ауыр ұшақтарды қабылдай алады.
Әскери әуежайдың ашылу салтанатына ҚР Қорғаныс министрлігінің басшысы Нұрлан Ермекбаев қатысып, Қазақстанның Әуе қорғанысы күштеріне үлкен міндеттер жүктелгенін айтты.
Сонымен бірге, министр Әуе қорғанысы күштерінің дайындығының басты факторларының бірі әскери қызметкерлердің қазіргі заманғы әскери ұшақтарды сапалы игерудегі белсенділігі екенін атап өтті.
Аэродромның ашылу салтанатында оның әуе қозғалысын қамтамасыз ету үшін маңызды операциялық және стратегиялық маңызы бар екендігі айтылды. Сонымен бірге, әуе айлағында Ақтөбе қаласының Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттарының ұшу тәжірибесі өткізілетіні айтылды.