Есірткі заттарын тасымалдамақ болған Арал ауданының тұрғыны ұсталды
Тексеру барысында 1 келіге жуық «кептірілген марихуана» тәркіленді. Автокөлік жүргізушісі 36 жастағы Арал ауданының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.«Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.