COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Онда Алматы қаласы «сары» аймақта, қалған өңірлер «жасыл» аймақта екені жазылған. Яғни, әзірге өзгеріс жоқ. Алайда, картадан Нұр-Сұлтан қаласының «сары» аймаққа, Алматының «қызыл» аймаққа жақындап қалғанын байқауға болады. Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте 454 адам коронавирус жұқтырды.