Желтоқсан айының басында Қазақстан халқы 18,4 млн. адамды құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3% көп.
Қазақстандықтардың 58,2% -ы қалаларда, тиісінше 41,8% -ы ауылдарда тұрады. Қала халқы 10,7 млн адамға жетіп, бір жыл ішінде 2,6% өсті. Ауыл халқы 7,7 млн. адамды құрағаны менен, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,5% аз көрсеткіш болып есептеледі.
Қала мен ауыл тұрғындарының санын өзгертетін факторлардың бірі — ішкі және сыртқы көші-қон.
Елімізден 34,2 мың адам қныс аударса, ал бізге келген адам саны 8 мың адамды құрайды. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың сыртқы миграциясының сальдосы тағы теріс: −26,2 мың адам (бір жыл бұрын — 22,2 мың адам).
Келушілердің ішіндегі ең көбі қазақтар: 4,5 мың адам. Келгендердің тағы 1,7 мыңы — орыстар, ал 217 адам — қарақалпақтар.
Орыстардың көп бөлігі (25 мың адам), сонымен қатар немістер (2,4 мың) және украиндар (2,3 мың) кетті.