«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін әртістерге қарастырылған жеңілдіктер туралы әнші Айгүл Иманбаева «ShowNewsKZ» бағдарламасында айтты.Өнер иесінің сөзінше, өнер саласындағы еңбегі үшін берілетін атаққа қол жеткізген жұлдыздар президенттік ауруханада тегін емделе алады. Оған қоса, өнер иесі «Еңбек сіңірген әртістер» қайтыс болған жағдайда, оларды жерлейтін жер дайын болады.
«Еңбек сіңірген қайраткерлер қатты ауырып қалсаңыз, президенттің емханасында тегін емделесіз. Өліп қалған жағдайда Кеңсайдан орын дайын. Кейде, бірақ, кім көрінген де алып жатады. Қанша еңбектенген әріптестерің алмай, басқа біреу алып кеткенде өзің де ойланып қаласың», - деді әнші