Қазақстан аумағында 4,6 балдық жер сілкінісі болды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісінің хабарлауынша, 4 шілде күні 13 сағат 51 минутта жер сілкінісі тіркелген.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 574 шақырым жердегі Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7. Mагнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 10км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», - делінген хабарламада.