Жаңа құрамға Қанат Бозымбаев кірді. Асқар Маминмен бірге Тимур Сүлейменов те бұл қызметтен кеткен.
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қор» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті.
«ҚР 2008 жылғы №962 Қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: Мамин Асқар Ұзақпайұлы қызметінен босатылды», - делінген құжатта.
Қордың директорлар кеңесінен Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов те шықты.
Үкімет қаулысы 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген.
Ұлттық әл-ауқат қорының заңнамасында «Самұрық-Қазынадағы» директорлар кеңесін Премьер-министр басқаруы тиіс деп көрсетілген.
«Директорлар кеңесінің құрамына ҚР орталық атқарушы органдарының басшылары, қоғамдық ұйымдардың басшылары және басқа адамдардан тұрады. Директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болуы шарт», - делінген заңнамада.
Асқар Мамин «Самұрық-Қазынаның» директорлар кеңесі төрағасы қызметіне 2019 жылдың наурыз айында кіріскен.