Алдағы үш күнде еліміздің ауа-райында күрт өзгеріс күтілмейді.
Бұрынғыдай, Атлант мұхитынан ауысатын циклондар мен атмосфералық фронттар республика аумағына жылы және ылғалды ауа массаларын әкеледі. Сондықтан, көптеген аудандарда кей уақытта қар жауады, солтүстікте бұрқасын болып, қатты жел тұрады, оңтүстік өңірлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы нормадан 3 ... 8 ° C-қа жоғары, оңтүстігінде нормаға жақын болады.