Иран мен АҚШ арасында соғыс басталғанға ұқсайды. Иран - АҚШ арасында әскери соққылар жүріп жатыр. Екі тарап та әзір келісімге келер емес.
Белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали әлеуметтік желідегі парақшасында валюта бәсі туралы деп жазы, деп хабарлайды Bairaq.kz порталы.
«Енді ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады. Дубайға ұшу, Шарм аш Шейхка жету машақатты болар. Үшінші дүниежүзілік соғыс басталмас, бірақ Вашингтон-Тегеран текетіресі мұнай бағасын көтермек, бұл бізге жақсы, сондықтан ұтымды сәтті пайдаланып доллар сатып ала беру керек. Соғыстың әскери фазасы ұзаққа бармас, бірақ артты қырғи-қабақ текетірес -экономикалық санкцияларға айналады. АҚШ Иранның мұнай мен газына тосқауыл қоймақ. Шіркін, бұл соғыста қызыл бастар мемлекеті ыдырап Әзірбайжан жерін кеңейтіп , Күрдістан мемлекеті пайда болар ма еді. Қазақстан бейтарап позицияда болғаны жөн. Өзім АҚШты қолдаймын», - деді ол.