ҚР Білім және ғылым министрлігінде «Ұстаз мәртебесі туралы» Заңға томпақ келетін әрекеттер орын алған жағдайда қандай жаза қолданылатыны туралы сөз қозғалды.
Ұстазды балағаттағҰстазды балағаттаған адам 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (79 530 теңге) айыппұл төлеуге мәжбүр болады.
Мұғалімнің ар-намысына тиетін әрекетті бір жазаланған адам жыл ішінде қайталап үлгерсе, онда оның айыппұлы 40 АЕК-ке (106 040 теңге) өседі. Ақы төленбеген жағдайда тәртіп бұзған азамат бес тәулікке дейін қамауға алынады.
Ал ұстазды кәмелет жасқа толмаған балалар немесе жасөспірімдер балағаттаса, олардың ата-аналарына 20 АЕК көлемінде (53 020 теңге) айыппұл салынады. Егер тәртіпсіздік қайталанса 30 айлық есептік көрсеткіш дәрежесінде айыппұл салынады.
Ал мұғалімнің қызмет құзырына кірмейтін дүниені талап еткендерге 20-120 АЕК, заңнамада көрсетілмеген есеп беруді талап еткендерге де дәл осы көлемде, заңда рұқсат етілмеген тексерулер орын алса да осындай айыппұл салынбақ. Бұл тәртіп бұзушылықтарға алғашында бір мәрте ескерту жасалынады. Қайталаса қалтасына күш түскелі тұр.
Еске сала кетейік, 2020 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш құны 2651 теңге болып бекітілді.