Маңғыстау облысында түйелер түсініксіз ауруға тап болды
Маңғыстау облысының билігі аймақтағы түйелердің ауыруына не сеюеп екендігін білуге тырысуда. Мыңнан астам жануарлар бұрын-соңды болмаған аурумен ауырған. Олардың 27-сі әлі күнге дейін бақылауда.
Ауру алғаш рет Қызылсай ауылында екі ай бұрын анықталған. Біртіндеп ұқсас белгілер әртүрлі аймақтардағы түйелерден байқала бастаған. Бүгінгі таңда ауру жеті ауданның бесеуінде белең алып отыр.
Өркешті жануарлардағы ауру белгілері бірдей. Жергілікті шенеуніктер жеке клиникаларға жүгініп, елордалық мамандардың келуін күтуде. Аудан тұрғындарынан үрейленбеуін сұрайды.
«Жалпы алғанда, бұл аурудан өлімге әкелетін фактілер байқалмаған, сонымен қатар бұл аурудың үй жануарлары мен адамдарға жұғатыны жайлы ешқандай дәлел жоқ», — дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов.