Қазақстандағы ең кедей аймақтар белгілі болды
Халық тығыз қоныстанған Түркістан облысы тұрғындары күнкөріс деңгейінен 11% -ға төмен табыс алады.
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында халықтың ақшалай кірісі 9,6% -ға артып, 175,9 мың теңгені құрады. Айта кетейік, тиісті кезеңдегі инфляция деңгейі 5,4% құрайды. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде Қазақстан Республикасы халқының табысы жылына 9,7% өсіп, 160,4 мың теңгені құраған болатын.
Ел өңірлері арасында ең жоғары табыс Алматы қаласының тұрғындарына тиесілі: 238,8 мың теңге - бұл республика бойынша орташа деңгейден 35,8% -ға көп. Бір жыл ішінде бұл сома 5,7% -ға өскен.
Екінші орын - Нұр-Сұлтан облысы: 230,5 мың теңге, жылдық өсім 5,9% құрайды. Көшбасшылар үштігін Қарағанды облысы түйіндейді: табыс- көлемі 209,2 мың теңге.
Тұтастай алғанда, елдегі 17 облыстың 9-ында ғана халықтың жалпы кірісі республикалық деңгейден асады.
Түркістан (105,3 мың теңге), Жамбыл (134,6 мың теңге) және Қызылорда (139,4 мың теңге) облыстарының тұрғындары ең аз табысқа ие болып отыр