Түркиядағы орман өртіне қатысты жауапкершілікті «Күрдістан жұмыс партиясының» террорлық деп танылған ұйымы өз мойнына алды. Ақпаратты Иени Сафак басылымы жариялады.Террорлық ұйым өкілдері бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Өздерінің бұл әрекетін жергілікті билікке қарсы жасалған іс деп мәлімдеді. Қазір өртке байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.Тәртіп сақшылары қолға түсірген Манавгат қаласындағы күдіктінің террорлық ұйыммен байланысы әлі анықталған жоқ.
Алапат өрттен 8 адам мерт болып, 400-ден астам тұрғын түрлі жарақат алды. Тіпті, орманға жақын орналасқан ондаған баспана күлге айналған. Еске салайық, Ердоған Түркиядағы өрттің себебі қасақана болды деп мәлімдеген еді.
“Біз өрттің себептерін мұқият зерттейміз. Егер өз Отанын өртей алатын сатқындар болса, олар ең ауыр жазаға тартылады”, – деді Ердоған.