Михаил Саакашвилидің оппозициялық партиясының жетекшісі Ник Мелия Грузия астанасы Тбилисиде ұсталды. Саакашвили партиясы басшысын ұстау үшін арнайы жасақ оның кеңсесіне басып кіріп, көзден жас ағызатын газ қолданған. Ұстау операциясы Қоғамдық телевизияда тікелей эфирде көрсетілді.
Ник Мелия Грузияның ең ірі оппозициялық партиясы - "Біртұтас ұлттық қозғалысын" басқарады. Newsgeorgia.ge мәліметінше, саясаткерді ұстау операциясы 3 ақпанда таңғы сағат 7:30-да басталған. Ғимаратқа жедел жәрдем көлігі, сатысы бар екі арнайы техника, сондай-ақ жүздеген полиция қызметкері келген. Таңғы сағат 9-да Мелия ұсталды.
"Ғимаратта оппозиция жақтастары полицияға қарсылық көрсетпеді. Түнде Мелияның өзі оларға осындай өтініш жасаған. Алайда кіреберістер мен кеңсеге кіретін есіктер жиһазбен жабылған. Ғимаратқа кірген полиция жасағы кеңседегі жиһаздың көп бөлігін сындырып, кеңседе болған белсенділерді шығарып алды.
Сонымен қатар, нысанда көзден жас ағызатын газ қолданылды. ІІМ қызметкерлері ғимаратқа газ баллондарын лақтырып, "Құлдар!", "Ұят!" деп айғайлаған", - деп жазады басылым.