Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттері туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыз Республикасының үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұған қоса, Тоқаев «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.