Қазақстанда шектеу шаралары 2021 жылдың 25 желтоқсанынан 5 қаңтарына дейін күшейтіледі.
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті.
Келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында ЖРВИ мен тұмаудың жоғарылауы аясында коронавирустық инфекцияның көбею қаупі бар.
Осыған байланысты МАБ бірқатар шешімдер қабылдады:
2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде жаңа жылдық кештер мен мерекелік корпоративтерге тыйым салу.
Теңіз кен орнында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шектеу шараларын күшейту.
Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24 пайызға төмендету бойынша шаралар қабылдау.
Сонымен қатар білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, келесі шешімдер қабылданды:
оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан) қарастырылсын;
оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылсын;
2 семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталсын.
Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.
Премьер-министр әкімдердің назарын қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне аударды.