Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын әрі журналист Жүрсін Ерман Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. Ақын тілге қатысты өз ойын ашық айтты.
«Қазақ тілінің жыр болғанына 30 жыл болды. Бұл салаға қаншама қаулы, қарар шықты зааң қабылданды. Қаншама ақша бөлініп жатыр. Мен айтам, соның бәрі бекер шаруа . Қазақ тілін мемлекеттік тілге айналдырудың бір-ақ жолы бар. Мемлекеттің басшысы қазақша сөйлеу керек. Мемлекеттің басшысы қазақша біледі ғой, өзі жазушының баласы, зиялы адам. Біріккен Ұлттар Ұйымына барғанда, халықаралық ұйымдарға барғанда, басқа мемлекеттерге барғанда неге орысша сөйлеуі керек?! Президент қазақша сөйлесе – үкіметтің басшысы да қазақша сөйлейді. Үкіметтің басшысы сөйлеген соң, бүкіл министрлер, әкімдердің бәрі қазақша сөйлейді. Осылай болса, қоғамның беті бұрылып кетер еді. Оған қаулының да, ақшаның да керегі жоқ. Бұл жоғарыдан басталса, қазақ тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесін оп-оңай алар еді», - деді Жүрін Ерман.
Неге қатардағы шенді-шекпенділер ол кісіні күтпей қазақша сөйлей бермейді, деп сұрады журналист.
«Сөйлемейді, алдында өнегесі тұр. Парламент мәжілісінің төрағасы Нығматуллин бір залда отырған бір депутат басқа ұлттың өкілі қазақ тілінде сұрақ қойды. Соған жауап беріп тұрған министрдің орынбасары орысша жауап бере бастаған кезде, Нығматуллин айтты: Мынау басқа ұллтың өкілі сенен өз тіліңде сұрап тұрғанда неге қазақша жауап бермейсің? Жоғарыда отырған бірінші басшы қазақша сөйлесе, қалғандары амалсыздан сөйлер еді. Осындай жағдай туғызбай отырмыз», - деді ол.
Бұл біздің биліктің дерті ма, әлде қазақтың қанына сіңген әдет па, деп сұрады Нартай Аралбайұлы.
«Қазақтың қанында тұрған ештеңе жоқ. Мына билікте отырғандардың кішкене намыссыздығы. Өзімнің тілімнің абыройын көтерейін деген құлшыныстың болмауы. Осының салдарын мемлекет болып, ұлт болып көріп жатырмыз», - деді ақын.