1997 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан) Қазақстанның астанасы болып жарияланды.
Астана күні 6 шілде күні аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі.