2014 жылдан бері "Астықжан-1", "Астықжан-2", "Джафар", "Ажар" және "Universal" сауда үйін басқаратын «Алтын COPE» ЖСШ банктен алған 39млрд. тенге берешегін қайтармаған көрінеді.
Банк қызметкерлері «Алтын COPE» ЖШС өз қарыздарын өтеуден ұзақ уақыт бойы қашқандықтан сотқа берген.
Осылайша 9-желтоқсан күні өткен сот шешімі бойынша жоғарыда аталған 5 сауда үйі банк қарамағына өтті. Бірақ есептей келе мүлік құны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бар қарызын түгел жаппайтын болып шықты.
«Бұл жағдайда банк сот шешіміне сәйкес соманы өндіріп алуға құқылы. Қарыздың мөлшері айтарлықтай көлемді. Мүліктің құны берешек сомасын қамтымайды, демек, соманы қайтару міндеттемесінің кепілі болған кепіл мүлкін өтеу және өндіріп алу туралы талап қойылады. Бұл сома қарыздың құнынан аспайтындықтан, мүлікті өндіріп алу туралы шешім де қанағаттандырылды», - деді сот.
Jysan Bank өкілдері сот шешіміне қанағаттанғандықтарын атап өтті.
Айта кету керек, «Алтын COPE» ЖСШ-ның қарызы осы уақыт межесінде 12 есе өскен.