Бүгін қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр.
Бүгін Тұңғыш Президент күні. 2011 жылдың 10 желтоқсанын күні Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы заңнамасына қол қойылды. Сол күннен бастап 1 желтоқсан мереке болып бекітілді. Ал Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік бастамалары тарихта алтын әріппен сақталады. Сонау Таулы Қарабақтағы қақтығыстан бастап, Ресей мен Түркия арасындағы түсініспеушіліктің сейілуіне ұйытқы болған саясаткер.
1991 жылы бірінші желтоқсанда жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Шекарамызды айқындап, заңды құжатқа айналдырды. Заңымызды, мемлекеттік Рәміздерімізді және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Тұңғыш Президент күнінің ерекшелігі – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, ТМД-дағы алдыңғы орынға шықты.