Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретінде миссиясы қандай екенін айтты. Бұл туралы Елбасы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезінде мәлімдеді.
Елбасы "Нұр Отан" партиясы бүгінде өз уәдесінде тұра алатын, елдегі мықты көшбасшыларды топтастырған саяси ұйым екенін айтты.
"Басқа партиялар да бар, әлі де болар. Оған ешкімнің қарсылығы жоқ, қоғам солай, уақыт солай. Алайда, сол партиялардың бәрі нақты ұсыныс жасап, елге жақсылық жасаса екен дейміз. Тек қана сынап, көшеге шығып, айғайлап, одан не шығады? Қанша айғайласа да, көшеге шықса да, түбінде, жаңағы көпбалалы аналар, жағдайы жоқ кісілер кімге келеді? Үкіметке келеді. Бәрін шешетін мемлекет, үкімет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.