Қазақстанның төрт облысында 9 қарашадан бастап жаңа шектеулер күшіне енді.
Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді.
Ақмола облысында:
Көкшетауда блокбекеттер орнатылды;
күн сайынғы өсім 10 жағдайдан асқан елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды;
Көкшетау - Алматы және Көкшетау - Ақтау бағытындағы әуе қатынасы аптасына екі реттен бір ретке қысқарды;
Көкшетау - Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалы аптасына жеті реттен үшке дейін қысқарды;
облыс ішінде транзит жолаушылар теміржол құрамын тоқтату тыйым салынды;
діни нысандардың, театрлардың, кинотеатрлардың және мәдениет нысандарының жұмысы тоқтатылды;
жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы бір уақытта 30 адамнан артық келуші жиналмай, 30 адамнан артық орны бар нысандар үшін - жұмыс уақыты шектеліп, келушілер саны 50 пайыздан аспайтындай етіп шектелді және тағы басқа талаптар.
Қостанай облысында:
Қостанайда қаланың периметрі бойынша блокбекеттер орната отырып, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдар ауданында карантин енгізілсін;
КВИ-дың күн сайынғы өсімі 10-нан асатын елді мекендерде санитариялық блокбекеттер орнату;
Жүк көлігі мен жолаушыларға Қостанай облысына ПТР анықтамасыз кіруіне тыйым салынсын, болмаған жағдайда адамдар тексерілу үшін 2 күнге карантиндік госпитальға жатқызылады;
Әуе жолаушыларында нәтижесі теріс ПТР анықтамасы міндетті түрде болуы керек (мерзімі берілген сәттен бастап 3 тәуліктен артық емес);
Үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі, алайда ғимаратта келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспауы тиіс, жұмыс күндері жұмыс режимін 08.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар және т.б. өткізбеу, 21.00-ден кейін тек алып кету және жеткізу жұмыс істейді. Жексенбі, мереке күндері және 21.00-ден кейін алып кету және жеткізу арқылы ғана жұмыс істеу;
Театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру. Сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс режимін 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу.
Павлодар облысында:
Павлодарда блокбекеттер орнатылды;
күнделікті КВИ жағдайы 10-нан асатын елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды;
Павлодар - Алматы ( аптасына 10 рейстен 5-ке дейін), Павлодар - Нұр-Сұлтан (үштен бірге) және Павлодар - Шымкен (екіден бірге дейін) әуе рейстері қысқартылды;
Солтүстік Қазақстан облысы:
СҚО периметрі бойынша блокбекеттер орнатылды;
күнделікті КВИ жағдайы 10-нан асатын елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды;
Петропавл - Алматы бағытындағы теміржол тасымалы аптасына жеті реттен үш ретке қысқартылды;
облыс ішінде теміржол құрамдарын тоқтатуға тыйым салынды;
Солтүстік Қазақстан облысынан әуе немесе теміржол көлігі арқылы шығатын жолаушылардың ПТР-тесті теріс нәтижемен болуы керек. Анықтама алған күннен бастап 3 тәулікке жарамды. 5 жасқа дейінгі балаларға бұл талап қойылмайды және тағы басқа талаптар.