"СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ" ОЛ - ӨСКЕЛЕҢ ДЕМОКРАТИЯ ДЕГЕН СӨЗ.
"...
Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі.
Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер.
....
Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық.
Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін!"
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт ТОҚАЕВ халыққа жолдауын осындай жалынды сөздермен аяқтады.
Себебі: Қос палата депутаттарына қарап тұрып, бүкіл халыққа жасаған жолдауының аты да
СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ –ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ
деп аталды.
Бес бағыттан тұратын жалпы мәтінде жаңару, әлеуметтік құқық пен азаматтардың қауіпсіздігі, ұлттық экономика, өңірлік даму қатарлы маңызы басым салалар тармақталып, таратылып, тәптіштеп отырып айтылды.
Бізге "Жаңару" сөзіне басымдылық берілген баяндаманы тіке тыңдаушы депутаттардың жаңаратын уақыты таяп қалғандай сезілді.
Біздің қаттырақ шапалақ соққан жеріміз- ҚАЗАҚ ТІЛІН ҰЛТ АРАЛЫҚ ТІЛ, Еліміздегі ұлт пен ұлыстардың байланыс тілі етуге жасалған талпыныс.
КӨП ПІКІРЛІ ҚОҒАМДА КӨРКЕМ ДИАЛОГ БОЛҒАЙ
БАЙРАҒЫҢДЫ ТІК ҰСТА!