Қалалар мен аудан әкімдері Тоқаевқа санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Бұл туралы Facebook-те президенттің баспасөз хатшысы Берік Уали хабарлады.
Коронавирустың төмендеу тенденциясы байқалады, емделіп шыққан науқастардың саны өсуде.
Жалпы, жағдай тұрақты. Төсек орындары пен дәрілік заттардың қоры құрылды.
"Президент жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Карантиндік шаралардың сақталуы маңызды, соған байланысты азаматтармен белсенді түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет", - деп жазды Уәли.
Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан бастап карантин талаптары жеңілдеуі мүмкін екенін жариялады.