ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы COVID-19-бен күресуге бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанын айтып берді.
Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы сомасы 114 млрд 826 млн теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде Үкімет резервінен 40 миллиард 58 миллион: жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға 21 миллиард 184 миллион, дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға 2 миллиард 30 миллион, зертханалық жабдықтар, коронавирусты анықтайтын жүйелер сатып алуға 2,5 миллиард. Коронавирусты анықтауға арналған реагенттерді әзірлеу және өндіру бойынша қызметтерді сатып алуға 100 млн. теңге, ПТР зертханалық зерттеулерді ұсыну қызметтері үшін - 13,7 млрд теңге, жедел жәрдем машиналарын жабдықтауға, отандық өндірістің механикалық желдеткіш құрылғыларын сатып алуға - 310 млн теңге. азаматтарды эвакуациялау үшін - 131 млн. теңге жұмсалды, - деді Цой.
Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 74 млрд. теңге бөлінгенін, оның 19,5 млрд. теңгесі медициналық ұйымдардың инфекциялық, карантиндік және уақытша ауруханаларға медициналық қызмет көрсетуіне, 14,8 миллиард теңге - Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында үш жұқпалы аурулар ауруханаларының кешенін құруға жұмсалған.
Оның айтуынша, қазір аймақтық қолдауға үлкен мән берілуде.