Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың қатары күн санап артып барады. Бір тәулік ішінде 161 науқас пен 623 симптомсыз науқас анықталып, елдегі инфекция жұқтырған азаматтар саны 14 мыңнан асты.
Айта кету керек, осы күнге дейін инфекция жұқтырып, ауруханадан құлан-таза айығып шыққандар саны 8 829 адамға жеткен.
Ал жалпы статистикаға кірмейтін симптомсыз науқастар саны қарқынды өсуде. Әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында науқастар саны өте көп. Бүгінгі меже бойынша симптомсыз науқастар саны 3 782 адамға жеткен.