Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларының күшейтілуі мүмкін екенін айтты.
Қаладағы карантин режимінің күшейтілуі аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға тікелей байланысты. Бекшиннің айтуы бойынша, қазір Алматыдағы жағдай тұрақты.
«Біз бірқатар нысандарда карантин режимін бұзу әрекеттері бар екенін көріп отырмыз. Олар біздің мониторингтік топтың ескерутіне қарамастан заңға қайшы әрекетке баруда. Егер қала көлемінде науқастардың саны артса, карантин шаралары күшейтіледі», - деді ол.