Алматы қаласында крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға тендер жарияланды. Техникалық специфика талаптарына сәйкес, крематорийде бір зал мен екі пеш болуы тиіс. Жобалық-сметалық құжаттарды жасауға 46,8 миллион теңге қаражат қарастырылған.
Крематорий құрылысы Алатау ауданында салынған жаңа мәйітханаға жақн жерде орналаспақ. Барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Крематорий салу мәселесі елімізде 1987 жылдан бері үздіксіз көтеріліп келе жатыр. 2011 жылы «Спецкомбинат ритуальных услуг» ЖШС крематорий құрылысын жобалап, бірқатар шетелдік құрылыс компанияларымен келіссөз жүргізген. Дегенмен, жоба жүзеге аспады.
Қазір қазақстандықтар кремация жасау үшін Мәскеуге, Челябинскіге, Барнаулға, Новосібірге жол тартады. Аталған қалалардағы қызмет түрі 30-100 мың теңге аралығында.