Алматы қаласының әкімдігі шаһарда митинг өткізіліп жатқаны туралы әлеуметтік желідегі жазбаларға қатысты пікір білдіріп, оның заңсыз екенін мәлімдеді.
«Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы бүгін митинг өткізу тарлы қала әкімдігіне ешқандай ескерут түспегендіктен, өткізілген митингтің заңсыз деп есептелетіні туралы ескертеді. Сондықтан, әлеуметтік желіде тарап жатқан шақыртулар заңға қайшы келмек», - деп жазылған хабарламада.
Бүгін күшіне енген «Қазақстан Республикасында бейбіт шерулер ұйымдастыру туралы» заңға сәйкес, ұйымдастырушы тарап жиын өтерден бес күн бұрын қала әкімдігіне ескерту жіберуі тиіс.
Ешқандай ескертусіз ұйымдастырылған митингілер үшін заңмен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қарастырылған.