2500-ден астам астаналық жұмысшыларға жалақы бойынша берешек төленді
BAIRAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 540 млн. теңгеден астам сомаға 2540 жұмысшыға жалақы бойынша берешек өтелді, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. Қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасының ақпараты бойынша, астаналықтар көбінесе еңбекақы төлемеу, қалған аз бөлігі - заңсыз жұмыстан босату, тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану, еңбек жағдайларын өзгерту және т. б. сияқты еңбек заңнамасына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға жүгінеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, негізінен жалақыны кешіктіру немесе төлемеу көпшілігі күзет қызметін көрсетумен айналысатын, қоғамдық тамақтандыру және құрылыс саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындарда кездеседі. Айта кету керек, еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Заңмен ескерту және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.