Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында 6-сәуірден бастап күшейтілген карантин енгізіледі.
Жамбыл облысында 17 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Науқастардың барлығы сырттан келгендер және солармен байланыста болғандар.
Төрт науқас Үндістаннан келген. Оларды ұшақтан түскен бетте қарауға алып, нәтижесінде инфекция жұқтырғанын анықтады.
Қордайда коронавирус жұқтырғандар туралы:
1975 және 1982 жылы туған екі азамат Нұр-Сұлтанда науқастармен байланыста болғаны үшін карантинген алынған.
1999 жылы туған тағы бір науқас 23-наурыз күні «Қостанай-Алматы» пойызымен елге келген.
Күшейтілген карантин аясында шекарадан кіретін барлық азаматтар, оның ішінде жүк көліктерінің жүргізушілері карантинге жатады. Нәтижесінде 10 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Төртеуі Қырғызстан азаматы. Қалған алтауы қазақстандықтар. Олар Қазақстанға жүк алып келген.
Осыған сәйкес, 6-сәуірден бастап Қордай ауданында шаруашылыққа ерекше жағдай жасауды ескере отырып, карантин жарияланады.